Италия тағы да әлем чемпионатына шыға алмады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Футболдан Италия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы спорттық ақпарат көздері жазды. Төрт дүркін әлем чемпионы саналатын Италия соңғы рет 2006 жылы чемпион атанған еді. Одан кейінгі 2010 және 2014 жылдардағы мундиальдарда топтан шыға алмай, ал 2018 және 2022 жылдары әлем біріншілігіне мүлде қатыса алмады. Енді италиялықтар 2026 жылғы додаға да өте алмай отыр.

Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желілерде Карло Анчелотти 2024 жылы айтқан сөзі қайта тарады. Ол кезде маман «Әлемдік деңгейдегі жалғыз италиялық ойыншы – Джанлуиджи Доннарумма» деген пікір білдірген.

Айта кетейік — қазіргі таңда Анчелотти Бразилия құрамасын жаттықтырады. Ал бұл команда дәстүрлі түрде әлем чемпионатына жолдама алған.

Дереккөз: AtyrauPress

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp