Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті жындыханаға жатқызылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Күдікті Шымкентте тексеріліп, медициналық анықтама алған екен. Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай бұған сенбей, Алматыдан сараптама талап еткен. Айтуынша, ол жақ та осындай анықтама беріпті. Қазір күдікті Талғардағы психикалық емдеу орталығында ем алып жатыр екен.

Марқұм Нұрайдың ағасы медициналық анықтама берген дәрігерлерді тексеру керек деп талап етті.

Әзірге құзырлы орган бұған қатысты ресми ақпарат бермеді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp