Қостанайда мас адамдар полицейді балаларының көзінше ұрып-соққан

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Желіде бір топ адамның полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Кадрдан олардың полицейді жерге құлатып, тепкілегенін көруге болады. Жанжалға полицейдің ескертуі себеп болған.

Ал үш ер адам оған жауап ретінде оны ұрып тастаған. Осы оқиға кезінде полицейдің жанында балалары болған.

Қазір полиция қызметкері ем қабылдап жатыр. Ал бұзақылар ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp