
Бұл заң жобасы нәсілдік негіздегі лаңкестік үшін сотталғандарға қатысты. Құжат бойынша үкім 90 күн ішінде орындалады және рақымшылық жасалмайды. Жергілікті басылымдар дарға асудан бөлек электр орындық және эвтаназия сияқты балама тәсілдерді де қарастырғанын хабарлайды. Заңдық тұрғыдан алғанда, Израильде мемлекетке сатқындық пен лаңкестік әрекет үшін өлім жазасы бар. Бірақ бұл тек 60 жылдай бұрын қолданылған.
Кнессет мақұлдаған заң жобасын Германия, Франция, Италия және Ұлыбритания сыртқы істер министрлері палестиналықтарға қатысты кемсітушілік деп бағалады.
Дереккөз: 24.kz


