Иран үш елге Ормуз бұғазын пайдалануға рұқсат берді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Таиланд, Пәкістан мен Малайзия Ормуз бұғазы арқылы өз мұнай танкерлерін өткізуге рұқсат алды. Бұған Иранмен жеке жасалған келісімдерден кейін қол жеткізген. Тегеран АҚШ пен Израильдің шабуылынан кейін бұғаз арқылы кемелердің өтуіне тыйым салған еді. Бұған дейін «Блумберг» агенттігі Вашингтонның Тегеранға берген бейбіт жоспарының мәтінін жариялады. Құжатта Ормуз бұғазы еркін кеме қатынасы аймағы болып қалуы керек делінген. Иран бұл талапты қисынсыз деп тауып, орындаудан бас тартқан.

БҰҰ бұғаз төңірегіндегі жағдайға қатысты жұмыс тобын құрды. Ал Иран аталған ұйымның өтінішіне сай гуманитарлық кемелердің өтуін жылдамдату үшін шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді. 

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp