ТӨРТКҮЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҒЫ БІР ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылы — бірлігі жарасқан, игі істерімен көпке үлгі болып келе жатқан елді мекендердің бірі. Бүгінде ауыл тұрғындарының бастамасымен құрылған «Төрткүл» қайырымдылық қоры тұрмысы төмен отбасыларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Жуырда қордың ұйымдастыруымен ауыл тұрғыны, көпбалалы жалғызбасты анаға жаңа баспананың кілті табысталды. Аталған игі іске ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысып, ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытты.

Жаңа үй толықтай қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілген. Бұл — қор тарапынан табысталған төртінші баспана.

Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp