САРЫАҒАШТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 15 ШАҚЫРЫМ КАНАЛДАР МЕН АРЫҚ-АТЫЗДАР ТАЗАЛАНДЫ

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеу жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берген болатын. Осыған орай Түркістан облысында аталған акция жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Ауқымды іс-шара Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Бұл акцияға сарыағаштықтар да белсене қатысуда. Бүгін Сарыағаш ауданына қарасты Бағыс елді мекенінде табиғатты қорғауға бағытталған кең көлемді экологиялық іс-шара өтті. Акцияға аудан әкімі Арман Абдуллаев, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, игі іске белсене атсалысты.

Іс-шара барысында республикалық маңызы бар магистралды канал тазартылып, оның айналасы абаттандырылды. Бағыс елді мекеніндегі каналды тазарту жұмыстарына 3 техника жұмылдырылып, 300-ден астам адам қатысты.

Бұл күні экологиялық акция ауданның барлық елді мекендерінде бір мезетте ұйымдастырылып, оған 2 мыңнан астам адам қатысты. Жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асатын арық-атыздар тазаланып, жұмысқа 12 техника тартылды.

«Мөлдір бұлақ» акциясы – тек табиғатты қорғау шарасы ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және қоғамның экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp