Отбасылық спорт – денсаулықты нығайтып қана қоймай, жанұя арасындағы бірлік пен татулықты арттыратын маңызды құндылық. Осы мақсатта Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастамасымен Сарыағаш қаласындағы №80 «Келешек» мектебінде «Заң мен тәртіп», «Зорлық-зомбылыққа қарсы» және Наурызнама онкүндігі аясында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және полиция мен халық арасындағы өзара сенімді нығайту.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





