
15 наурыз күні елде Жоғарғы халық жиналысының 15-шақырылымына сайлау өтті. Сайлаушылар биліктегі Еңбек партиясы ұсынған кандидаттарға ғана дауыс берді. Дауыс беру нәтижесінде, үміткерлер парламенттегі барлық 687 орынды иеленген. Оларға сайлаушылардың 99,93%-ы дауыс берген екен.
Бұл көрсеткіш жарияланған соң желіде түрлі әзілдер мен мемдер тарады. Желі қолданушылары 0,07% қарсы дауыс бергендердің тағдыры қалай болғанын сұрап жатыр.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


