Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қашан өзгеретіні белгілі болды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда зейнет жасы өзгеріссіз қалады. Ерлер бұрынғыдай 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 2027 жылдың соңына дейін сақталады.

2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды (жыл сайын алты айға өседі):

– 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 61,5 жас;

– 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62 жас;

– 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62,5 жас; –

2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 63 жас.

Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлік жас бірдей – 63 жас болып белгіленеді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp