15 наурызда өтетін республикалық референдумда Ақтөбе ауылдық округінде 13 мыңға жуық тұрғын өз таңдауын жасайды. Маңызды саяси науқан қарсаңында округте түсіндіру жұмыстары күшейіп, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.Кезекті жиынның бірі №39 Л. Жолдасов атындағы мектепте өтіп, ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне референдумның маңызы мен дауыс беру тәртібі түсіндірілді. Жалпы округтегі науқанға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде?
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрболат Еркін




