АЯУЛЫ АНАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КЕШ

1975 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 8 наурызды «Халықаралық әйелдер» күні ретінде ресми түрде бекітті. Осы атаулы мерекеге орай Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында ақ жаулықты әжелерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын барысында ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Қариялар да өз кезегінде ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp