Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті.

6–10 айлық сәбилерге қосымша иммундау енгізіліп, бұрын екпе алмаған 2–5 және 7–18 жастағы балалар, сондай-ақ иммундауы расталмаған 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері толықтыру вакцинациясымен қамтылуда. Ұйымдасқан ұжымдарда вакцинацияланбағандарды уақытша шеттету және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бақылауы күшейтілді.

Өткен аптамен салыстырғанда жағдай саны 417-ден 311-ге дейін азайды (-25,4%). Соған қарамастан, ахуал толық тұрақталған жоқ. Ең көп жағдай Астана, Алматы қалаларында және Алматы, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Науқастардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар.

Жыл басынан бері 6–11 айлық 36,7 мың бала қосымша иммундаумен қамтылды. Сонымен қатар 1 және 6 жастағы балаларға жоспарлы екпе жүргізілуде, 18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам толықтыру вакцинациясынан өтті.

Министрлік мониторинг пен үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Уақтылы вакцинация — аурудың таралуын тежеудің негізгі шарты.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар