Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны қаңтар айының қорытындысын жариялады. 1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті.

Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp