5 ақпанда Қытай уақытымен сағат 22:00-де (Астана уақытымен 19:00) Hunan TV телеарнасында Voice Beyond Horizon халықаралық жобасының ресми тұсаукесері өтеді. Бағдарлама Қазақстанда 14 ақпанда Qazaqstan ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен келген талантты орындаушылар қатысты. Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстанның табиғи байлығы мен туристік әлеуетін миллиардтаған көрерменге таныстырады. Көрермендер көне Түркістанды, Бозжыраның айбынды көріністерін, Каспий теңізі жағалауын, Қайыңды мен Көбейтұз көлдерін, Саты туристік ауылын, Қапшағай су қоймасын, сондай-ақ Щучинск–Бурабай курортты өңірін тамашалайды.
Айта кетейік, Hunan TV телеарнасының аудиториясы 1,9 миллиардтан асады. Жоба Mango TV цифрлық платформасында да көрсетіледі.
Voice Beyond Horizon халықаралық жобасына Kazakh Tourism ҰК АҚ, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері қолдау көрсетті. Жоба демеушілері — Qarmet, «Қазақмыс», «АлтынАлмас» компаниялары және Нұрлан Смағұлов қоры.
Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі