
Депутат Бақытжан Базарбек жаңа Конституция жобасында жерді сатуға мүмкіндік беретін бірде-бір норма жоқ деді.
«Жер және оның қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін«, – деді ол.
Сөзінше, «жерді сату» туралы барлық әңгімелер – бұл не құқықтық сауатсыздық, не саналы түрде жасалған манипуляция.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


