
Ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт 30 қаңтар күні Солтүстік Чхунчхон провинциясының Ымсон уезінде орналасқан дымқыл сулықтар мен жөргектер өндіретін зауытта болған.
Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 қызметкер болған. Олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланған.
Кейін екі шетелдік қызметкер, жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы мен шамамен 20 жастағы Непал азаматы хабар-ошарсыз кеткен.
Алайда кей деректерде өртте жоғалған Өзбекстан азаматы Непал азаматы деген мәліметтер тарады.
Қазір олардың біреуінің денесін зауыттағы баспалдақ маңынан тапқан. Алайда жеке басы әлі анықталмады.
Ал екіншісін іздеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Кореядағы заңсыз жүрген қазақстандықтар ақпанның соңына дейін елден өз еркімен кете алатынын туралы хабарлаған едік
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


