Жасөспірімдер қауіпсіздігі – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы бағытта №3 М. Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектепте алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Аудан прокуратурасы мен білім бөлімінің бастамасымен өткен жиында ерте жүктіліктің қаупі, жыныстық тиіспеушілікке қарсы заң талаптары және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас




