“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады: Алматылық клуб “Арсеналға” 3:2 есебімен жеңілді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің соңғы 8-турында “Қайрат” сырт алаңда “Арсеналға” қарсы матч өткізді.

Ойын алғашқы минуттан тартысты басталды. Матчтың небәрі 2-минутында “Арсенал” сапынан Дьёкереш есеп ашты. Артынша алматылық клуб сапынан Жоржиньоға қарсы ойын тәртібі бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Нәтижесінде Жоржиньео 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

Алайда 15-минутта Хаверц “Қайраттың” осал тұсын тауып, командасын 2:1 есебімен алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Мартинелли сары-қаралардың шабуыл шебін бұзып өтіп, гол соқты.

Екінші таймда қос командада бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті. Матчтың аяқталар тұсында Рикардиньо гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан “Қайрат” 1/16 финалға өте алмай, жорығын аяқтады.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp