Келес ауданында «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған маңызды сайыс өтті. №41 Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған «Үздік әскери жетекші – 2026» аудандық байқауы өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Салтанатты шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, қатысушыларға сәттілік тілеген құттықтау сөздермен басталды.
Авторлар: Әсел Сәдуақас, Нұрдәулет Жолбарыс





