КЕЛЕСТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖЕТІСТІГІ

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ақ ұлпа қар қалыңдап, қыстың қаһары сезіліп тұрған кезеңде, топырағы құнарлы Келес ауданында жаздың лебі сезіледі. Мұнда жылыжайларда қызанақ толық пісіп, мол өнім жиналуда. Қыс мезгілінде көкөніс өндіру – бұл аудан диқандарының заманауи технологияны тиімді пайдаланып, тынымсыз еңбек етуінің нәтижесі. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, берекелі еңбек пен жаңашыл тәсіл Келесті өнімді өңірге айналдырып отыр.

Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp