Алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған: Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың бірінің зергеріне қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен.

Белгілі болғандай, зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp