
Конституциялық комиссияның екінші отырысында депутат Снежана Имашева конституциялық реформа аясында талқыланып жатқан түзетулер пакетін жариялады.
1: Адамның ар-намысы, қадір-қасиеті, абыройы мен қоғамдық беделі заңмен қорғалатыны тікелей көрсетілуі ұсынылады.
2: 18-бапта жеке өмірге қол сұқпаушылық туралы норма күшейтілмек. Жеке деректерді заңсыз жинау,өңдеу, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қорғау тікелей бекітіледі.
3: Сөз бостандығының шекаралары нақтыланады. Ол басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамның рухани адамгершілік құндылықтарына және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс.
Сонымен қатар бейбіт жиындарды шектеу көзделмек.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


