
Сонда ғана олар айыппұлға ілікпей, қайта кіруге тыйым алмай, елден ерікті түрде шыға алады. Бұл Қазақстан мен Корея арасында жасалған бағдарлама аясында іске аспақ. Десе де бұл бағдарлама қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды. Сондай-ақ мәжбүрлеп елден шығаруға жататын шетелдіктер де кірмейді.
Аталған бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Кореяның иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күн мерзімде беріледі.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


