Белгісіз біреу Криштиану Роналдудың мүсініне өрт қойған

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Белгісіз азамат атақты португалиялық футбол аңызы Криштиану Роналдудың Мадейра аралындағы музейі маңында орналасқан мүсініне өрт қойған.

Ер адам мүсінге жанғыш сұйықтық құйып, әрекетін видеоға түсірген.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан оның мүсінге от қойғаннан кейін бейәдеп қимылдар жасап, би билегенін көруге болады.

Күдікті видеоны жариялап, астына: “Бұл — Құдайдың Криштиану үшін соңғы ескертуі” — деген жазба қалдырған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp