
Оқиға 19 қаңтар күні шамамен сағат 17:45-те Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану орнында тіркелді.
Жарылыс салдарынан ғимаратқа елеулі зақым келіп, шамамен 80 шаршы метр аумақ қираған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Хромтау аудандық ауруханасына әртүрлі деңгейдегі күйік алған 5 адам жеткізілген. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде, қалған төртеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы бақылауда, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.
Зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


