«5 жасар қыз мәйіттің жанында түнеп шыққан»

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Талғарда азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқан 39 жастағы әйелдің ісі тергеліп жатыр.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам әйелді пышақтап өлтіріп, кейін мәйітін көрпемен жауып, қашып кеткен. Бұл жағдай олардың бес жасар қызының көз алдында болған. Кішкентай қыз сол сәтте апасының үйіне барып, көмек сұраған.

Марқұмның анасы Тұраш Қуанышеваны немересі оятып, жылап отырып, көргенінің бәрін әжесіне айтып берген. Ол оқиға орнына келіп, қызының қан-жоса болып жатқанын көрген.

Туыстары үйге келгенде газ плитасының артынан қанға боялған сүлгілерді тапқан. Күдікті олармен қан іздерін сүртіп, жасырып қойған екен. Ал әйелдің мәйітін қыздың жанына жатқызып, үстін көрпемен жапқан. Содан кейін есікті жауып, кетіп қалған. Алайда бір тәуліктің ішінде ол Талғар қаласында ұсталған.

Ерлі-зайыпты 15 жыл бойы азаматтық некеде болған екен. Ортақ қыздары да бар. 45 жастағы ер адам ресми түрде жұмыссыз болған. Соңғы кезде жүк тасушы болып нәпақа тапқан. Жақындарының сөзінше, ер адам жиі ішімдік ішіп, үйде жанжал шығарып жүрген. Ер адам қазір қамауда отыр.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар