
Оқиға 11 қаңтар күні Пхукет жағалауында болған. Катердің суға батуына балық аулайтын кемемен соқтығысуы себеп болыпты. Салдарынан 2008 жылы туған ресейлік азамат қаза тауып, ондаған турист жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліпті.
Бортта 55 адам болған. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің азаматтары бар.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


