
Қайғылы жағдай түсірілген видео желіде тарады. Сондай-ақ балаға тиесілі болуы мүмкін делінген хат алмасу скриндары да жарияланды. Онда бала досына қатты қорқып отырғанын, анасы мен әжесінің көз алдында өлтірілгенін жазған.
Полиция жағдайды растады. Олардың мәліметінше, оқиға 8 қаңтар күні болған. Марқұм болған әже мен оның 34 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталған. Ол қылмыс жасалған жерде қолға түскен. Ал полицияны оқиға орнына көршілері шақырған екен.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: t.me/stankznews


