Сарыағаш қаласының Қапланбек кеден бекеті маңын көркейту, абаттандыру және бірқатар әлеуметтік нысандар салу мәселелері қоғамдық тыңдалымда талқыланды. Маңызды жиынға кеден бекеті маңында тұратын тұрғындар, аумақ билері, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары және жобалаушы мекеменің өкілдері қатысты. Тыңдалымның басты мақсаты – алдағы уақытта іске асырылуы жоспарланған жобалармен тұрғындарды таныстыру және олардың пікірін ескеру.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрдәулет Жолбарыс



