Сарыағаш қаласындағы №12 колледж ұжымы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кең көлемді ашық есік күнін ұйымдастырды. Шараға шақырылған бес мектептің оқушылары колледждің мүмкіндіктерімен жақын танысып, түрлі мамандықтар бойынша білім алу бағыттары жайлы толық ақпарат алды. Колледж ұжымдары өздері дайындайтын мамандардың еңбек нарығындағы сұранысын, оқу базасының артықшылықтарын және студенттерге жасалған жағдайларды жан-жақты көрсетті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін





