Спорттық іс-шаралар арқылы салауатты өмір салты кеңінен насихатталып, қоғамда белсенді әрі дені сау буын қалыптасуына мүмкіндік туады. Осы ретте, Келес ауданында «Арақсыз ауыл – салауатты болашаққа бағыт» ұранымен кіші футболдан жарыс болып өтті. Бұл шара ауыл тұрғындарының арасында зиянды әдеттердің алдын алып, денсаулықты нығайтуға бағытталған бастаманы қолдаудың тиімді жолы болып табылады.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





