Электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады.

Жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір электр самокатқа қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Сондай-ақ мұндай самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді.

Жалға берушілер жүргізуші куәлігі жоқ немесе одан айырылған адамға электр самокатты басқаруға рұқсат бергені үшін жауапты болады.

t.me/mazhilis_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар