Келес ауданында «Арақсыз ауыл» бастамасы қарқын алды. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындар қауіпсіздігін арттыруды мақсат еткен жоба Бозай мен Жамбыл ауылдық округтерінде бастау алды. Арақсыз сауда — тек тыйым емес, ұрпақ тәрбиесіне, денсаулыққа деген ортақ жауапкершілік. Жергілікті тұрғындар, ақсақалдар алқасы және құқық қорғау өкілдері — бәрі бір мақсатта бас қосты.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас




