Құркелес ауылындағы №39 Төлеген Айбергенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын көтеруге және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған “Отан қорғау – парызым, қауіпсіздік сақтау – міндетім!” атты кешенді іс-шара өтті. Іс-шараға Құркелес ауылдық округі әкімі аппаратынан қызметкерлер, мәслихат депутаты, төтенше жағдайлар бөлімі мен шекара қызметінің мамандары, ел ағалары қатысты. Бұл басқосу – оқушыларға өмірлік маңызы бар дағдыларды үйретуге арналған үлгілік сабақ болды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы




