Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм және инвестициялар саласындағы мүмкіндіктерді зерттеуде

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Abdul Mohsen Al Hokair Holding Group» компаниясының Бас атқарушы директоры Маджид Әл-Хокейрмен келіссөздер өткізді.

Сұхбат барысында туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басты назар аударылды.

Елші Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ ел экономикасына шетелдік капиталды ынталандыру және тарту бойынша қабылданып жатқан үкіметтік шаралар туралы ақпарат берді.

Сауд тарапы Қазақстан нарығының өсіп келе жатқан әлеуетін жоғары бағалап, өзара тиімді әріптестікті дамытуға қызығушылық білдірді.

1975 жылы құрылған «Abdul Mohsen Al Hokair Holding Group» қонақжайлық және ойын-сауық салаларында жұмыс істейді. Қазіргі таңда компания Сауд Арабиясы мен Шығанақ елдерінде 35 қонақ үй мен 90-нан астам тақырыптық парк пен ойын-сауық орталығын басқарады.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар