Жетісай ауданындағы қайғылы жағдай көптің қабырғасын қайыстырды. Қауіпсіздік талаптарын сақтау қазіргі уақытта аса маңызды. Осы орайда, Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жылыту маусымының басталуына орай оқушылар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауданның Мәдениет үйіне жиналған мектеп оқушыларына арнайы мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас




