Сарыағаш ауданында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ерекше шара өткізілді. «Қыз көші» ұлттық дәстүрін дәріптеуге арналған бастама аясында қалыңдықтың бас киімі – сәукеленің GLOBAL BOOK OF RECORDS тізіміне енген болатын. Осы тарихи жетістікке үлес қосқан, ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттауда белсенділік танытқан әжелер арнайы марапатталды.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





