Сарыағаш ауданы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған Студенттік лига ойындары өз жалауын көтерді. Ауданымыздағы колледждерден жиналған студенттер спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өз ептілігі мен дайындығын көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл — жастардың жігерін шыңдап, достық пен бәсекелестікті қатар ұштастыратын маңызды спорттық шара.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





