Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың халықпен ашық форматтағы кездесуі Жібек жолы ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру мақсатында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы




