Сарыағаш ауданындағы №45 мектепте алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері үшін арнайы семинар ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және оқу-тәрбие процесін жетілдіру болды. Семинардың ашылуында қатысушылар сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, патриоттық рухта бастама жасады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас




