Сарыағаш ауданында тіл мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған аудандық семинар өтті. №3 М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен жиын “Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезіндегі тілді үйрету шеберлігі” тақырыбында ұйымдастырылды. Басты мақсат – ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқытудың сапасын арттырып, мемлекеттік тілді үйрету әдістемесін жетілдіру.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс