Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі алдағы жылыту маусымына байланысты дайындық жұмыстарын бастап кетті. Аудан бойынша газ қызметі, әкімшілік және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралардың басты мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс