«Су дипломатиясы»: Қазақстан мен Португалия стратегиялық сектордағы ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат тұтуда

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында, Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев Португалия «Águas de Portugal» (ADP) мемлекеттік холдингі Директорлар кеңесінің мүшесі Александра Серрамен, Басқарма мүшесі Эдуарду Пашекумен, сондай-ақ «AdP International» компаниясының Атқарушы вице-президенті Антониу Вентурамен.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының Жолдауында цифрландыруды белсенді түрде енгізу және жасанды интеллектті қолдану арқылы еліміздің су инфрақұрылымын жаңғырту бойынша алға қойылған басты міндеттер туралы хабардар етті.

Әңгімелесушілер суды есепке алу, ысырапты барынша азайту, қайта өңдеу және суды ұтымды пайдалану үшін ADP әзірлеген технологияларды пайдалана отырып, су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Холдинг басшылығы осы салада технологиялар мен ноу-хау трансферті, сондай-ақ консалтингтік қызметтер арқылы өзара тиімді серіктестік орнатуға дайын екенін білдірді.

«Águas de Portugal» – 1993 жылы Португалиядағы су инфрақұрылымын, соның ішінде суды жинауды, тазартуды, тұщыландыруды және қоғамдық тұтыну үшін бөлуді кешенді және тиімді басқару мақсатында құрылған мемлекеттік холдинг.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар