Сарыағаш ауданында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың 8 айында аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 1 061 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл — мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі. Әлеуметтік әлжуаз топтарға қамқорлық көрсету, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіру – бөлім жұмысының басты бағыттарының бірі.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас