
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Көлік және жол министрі Дэлгэрсайхан Борхумен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар автомобиль, әуе және теміржол көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың туризмді, сауданы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін айрықша маңызға ие екені аталып өтті.
Сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және екіжақты тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің, сондай-ақ осы бағыттағы нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруды қолдаудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікке қол жеткізілді.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі