Словакияда Қазақстанның дінаралық диалог саласындағы бастамалары талқыланды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Еуропадағы Діни бостандықтар форумының (FOREF) президенті, Еуропалық одақтың ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және наным бостандығын ілгерілету жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ян Фигельмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның мультимәдениеттілікті дамыту, қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған саясатын талқылады.

Сұхбат барысында Я. Фигельге 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне ресми шақыру табысталды.

«FOREF» президенті шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Қазақстанның рухани дипломатияны ілгерілету жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтіп, оны қазіргі сын-қатерлер жағдайында халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалады.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар