Қазақстан мен Словения цифрлық серіктестікті күшейтуге ниетті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов Словенияның цифрлық трансформация министрі Ксения Клампфермен кездесті.

Елші соңғы жылдары цифрлық трансформация көшбасшыларының біріне айналған Қазақстанның жетістіктері туралы айтып берді. Қазақстанның мемлекеттік қызметтер мен қаржы секторын цифрландырудағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды, мұнда заманауи веб-платформалар мен мобильді қосымшалар азаматтарға тиісті сервистерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Кездесу аясында сондай-ақ «Astana Hub» қызметі және қуатты суперкомпьютер негізінде «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығын құру жоспарлары таныстырылды. Бірыңғай орта шеңберінде орталықта оқушылар мен студенттерге арналған білім беру бағдарламалары, «стартаптар фабрикасы» және кәсіпкерлерді қолдауға, инновациялық өнімдерді құруға және технологиялық командаларды дамытуға бағытталған акселерациялық тректер іске асырылатын болады, «Big Tech» әлемге әйгілі өкілдерінің зертханаларында жас компаниялар жаһандық технологиялық компанияларда қолданылатын нақты кейстер мен құралдарға қол жеткізе алады.

Министр азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету бойынша Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық білдіріп, ғылыми ынтымақтастық, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және цифрлық платформалар саласындағы бірлескен жобалардың перспективаларын атап өтті.

Кездесу соңында қазақ дипломаты министрге Астанада өтетін «Digital Bridge 2025» халықаралық форумына қатысуға ресми шақыруды беріп, Қазақстан мен Словения арасындағы цифрлық экономиканы, инновациялық серіктестікті және білім беру бастамаларын дамытудағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар