Қазақстан мен Индонезия құқықтық саладағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезияның Заңнама, адам құқықтары, көші-қон және түзеу мекемелері мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Юсрил Ихза Махендрамен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Елші сұхбаттасқа елімізде жүзеге асырылып жатқан заңнамалық реформалардың мәнін түсіндіріп, екіжақты қарым-қатынастың әртүрлі салаларда серпінді дамып келе жатқанын атап өтті. Осы ретте қазақ дипломаты екі достас халықтың мүддесі үшін өзара визасыз жүру режимін енгізу, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сотталған адамдарды экстрадициялау және беру жөніндегі шарттарды келісу және жасасу бойынша өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Үйлестіруші министр Қазақстан мен Индонезия арасында қалыптасқан жақсы қарым-қатынастың жоғары деңгейін оң бағалап, шет елдермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде аталған бағыттар бойынша жетекшілік ететін ведомстволардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

Тараптар талқыланған мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, оларды іске асыру үшін практикалық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар