Қазақстанда 456 локомотив сатып алынбақ

Фото: Primeministerkz

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтып берді, Бүгінгі таңда локомотивтер паркі 1,9 мың бірлікті құрайды.

«Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарлануда. Локомотивтерді жеткізушілер – қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы», — деді көлік министрі.

АҚШ-тың Wabtec компаниясының деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы жүрген локомотивтер заманауи және тиімді техникалар, олар болашақтың тасымал талаптарына толық сәйкес келеді.

Дереккөз: Primeministerkz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар